Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 207 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 782 адам, анықтамасыз 425 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 143 жолаушы, анықтамамен - 867, анықтамасыз - 276;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 008 жолаушы, анықтамамен - 861; анықтамасыз - 147;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, екі жолаушыда анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 54 жолаушы, анықтамамен - 52; анықтамасыз - 2.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
10 ақпанда анықтамасыз келген 272 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.