Facebook әлеуметтік желісінде отандасымыз Димаш Құдайбергеннің 10 мың доллар сыйлық беретіні туралы ақпараты бар жалған парақша ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылдың басында осы желіде «Тиматиден сауалнама» атты жарнама жиі шыққан болатын. Ақпарат сенімді болып көрінуі үшін әртіс пен продюсердің атынан видеоүндеу жарияланған. Видеода олар сауалнамаға жауап бергендерге миллион теңге беретінін айтқан. Сауалнамаға жауап бергендерді арнайы сайтқа бағыттаған, ол сайтта ақша ұтып алғаны үшін қомақты комиссия төлеуі керектігі туралы айтылған. Алаяқтар Димаш Құдайбергенді де айналып өтпеді. Facebook желісінде Diimaаsh деген парақша пайда болды. Аталған парақшада Димаштың суреті мен оны тікелей эфирінен үзінді жарияланған.
«Мен бүгін баршаңызға бата беремін. Бұл комментарий жазған алғашқы 1000 адамға (НАҚША) $ 10,000 алады. Мұның шын екеніне сеніңіз. Бұл сыйлық біздің сыйлықты бұрын-соңды жеңіп алмаған адамдарға арналған», деп жазылған видео сипаттамасында.
Бұл жалған парақша екенінің тағы бір дәлелі – пікірлер арасына парақша авторларының хабарлама қалдыруы болды.
«Сәлем барлық жанкүйерлер ... біздің командадан платформаға сенім білдіргеніңіз үшін рақмет. Инестацияны бастау үшін сіз өзіңіздің атыңызды тіркеуіңіз керек. Мұнда басыңыз => https://bit.ly/3tK4mOK, содан кейін нұсқауларды орындаңыз және сіздің аты-жөніңіз автоматты түрде сіз табысқа жеткеннен кейін тіркеледі, біздің команда сіздің жеңімпаз екеніңізге 100% көз жеткізеді», деп жазылған хабарламада.
Шын мәнінде осы сілтемеге өткен адамның жеке мәліметтері алаяқтардың қолына түседі. Осылайша банк қосымшалары мен парольдері алаяқтар үшін қолжетімді болып, олар оны өз мақсаттарына қолданатын болады.
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Ұқсас жаңалықтар