25 Желтоқсан, 2013

Жыл қорытындысы шығарылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және екі ел қорғаныс-өнеркәсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Екі ел қорғаныс ведомство­ла­рының басшылары 2013 жыл­ғы бірлескен жұмыстарды қоры­тындылай келе, Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс және қау­іпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жет­кі­зіл­генін атап өтті. Екі ел ара­сын­дағы қару-жарақ сала­сын­дағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғ­ни 140 млн. АҚШ долларына же­тіп отыр.

Биылғы жылғы қызметтің нә­тижесі ретінде Қазақстан Рес­­пуб­ликасы мен Ресей Феде­рациясы арасында әскери-тех­никалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, екі ел әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскер­лерінің біріккен аймақтық жүйе­сін одан әрі дамыту туралы ше­шімнің қа­был­дануын, сондай-ақ, Қазақ­станның сынақ полигондарын Ресей жағына жалға беру, Ресей шығарған әскери техника­лар­ды сатып алуды атап өтуге болады.

Қорғаныс министрлерінің мә­лім­деуінше, кездесуде ке­лі­сім­дерді іске асыру Қа­зақстан мен Ре­сей­дің ұлттық қарулы күш­терін ны­ғай­туға қызмет етеді, деп хабар­лады Қазақстан Қор­ғаныс минис­трлігінің баспа­сөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар