Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысып жатыр. Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы жоғарылайды. Сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болады. Соның салдарынан жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.