- Мүмкіндігі шектеулі жандар да ел жаңалықтарынан, мемлекеттің саясатынан хабардар болғысы келеді. Олар да өз хәлдерінше Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлестерін қоспақ ниетте. Сол мақсатта маған Президент мақаласын оқу үшін брайль қарпінде жазуымды өтінді. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым, - деді Ақмарал Нүрлиева.
Сондай-ақ арнаулы кітапхана жанындағы дыбыс жазу студиясы мақаланың дыбыстандырылған нұсқасын дайындап, тыңдармандарына ұсынды. Оқырмандар кітапхана қоры құнды дүниелермен толыққанына қуанышты.