Саясат • 12 Ақпан, 2021

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-12 ақпан аралығында Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды 

 

Egemen.kz.

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, мемлекеттік шекара сызығын оның жекелеген учаскелерінде белгілеуге байланысты кешенді мәселелерін талқылады.

Келіссөздер Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар үшін дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.