- Ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан ай сайын 17 мың теңге мөлшерінде арнайы жәрдемақы төленіп отыр. Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша қолдау ретінде 2012 жылдан бастап жылына бір рет 30 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Бұған қоса, мүгедек ардагерлерге шипажайға жолдама қарастырылады, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов.
Өңірде 15 ақпан күні Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында «Тағзым алаңы» аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі және еске алу митингісі ұйымдастырылып, құран бағышталатын болады.