Қазақстан • 13 Ақпан, 2021

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Ташкентте ресми кездесулер өткізді

425 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары кезінде бірқатар жоғары лауазымды тұлғамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Ташкентте ресми кездесулер өткізді

2021 жылғы 8 ақпанда Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесу барысында тараптар Өзбекстанның Түркі Кеңесіне кіруі Түркі әлемінің бірлігін нығайтып, өзара тиімді серіктестік үшін маңызды мүмкіндіктер терезесін ашқан тарихи оқиға екенін атап өтті. Өзбекстан ұйымға кірген сәттен бастап қысқа мерзім ішінде пандемияның теріс салдарына қарамастан, Түркі Кеңесі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Министр Камилов Түркі Кеңесі достас елдер мен стратегиялық серіктестерді біріктіре отырып, Өзбекстанның сыртқы саясатында ерекше орын алатындығын баса айтты.

Бас хатшы мен Министр саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, көлік және логистика, туризм, жастар және спорт салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Алдағы маңызды іс-шаралардың, соның ішінде Мемлекет басшыларының саммиттерінің, Ташкентте жоспарланып отырған Туризм министрлерінің алтыншы кеңесінің, Жастар және спорт министрлерінің бесінші кеңесінің, 2021 жылы Өзбекстанда өтетін Жас кәсіпкерлер форумының күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың институционалдық негіздеріне, оның ішінде Хатшылықтың түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған Түркі Кеңесінің бірлескен инвестициялық қорын құру жөніндегі күш-жігеріне ерекше назар аударды.

Б.Әміреев пен А.Камилов Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер ынтымақтастығының болашақ стратегиясына тоқталып, түркі халықтарының экономикалық әл-ауқатын арттыруға және бүкіл Түркі әлемінің одан әрі интеграциялануына ықпал ететін іс жүзінде маңызды бастамалар мен нақты жобаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде өзбек тауарларының сыртқы нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған көлік саласындағы соңғы қадамдар да талқыланды. Тараптар Өзбекістанның Түркі әлемінің басқа да ынтымақтастық ұйымдарына мүше болу мәселесін талқылады. А.Камилов Өзбек елінің ТҮРКСОЙ, Халықаралық Туркі Академиясына және Туркі мемлекеттерінің парламенттік Ассамблеясына жақын арада ресми кіретінін хабарлады.

Әміреев мырза ұлы түркі ақыны және ойшылы, көрнекті қоғам қайраткері Әлішер Науаидің 580 жылдығын мерекелеуге орай Әлішер Науаи атындағы Түркі Кеңесінің "Түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін" халықаралық сыйлығын енгізу мәселесін ұсынды.

Бас хатшы мен Министр сондай-ақ ұйымның ағымдағы күн тәртібінде тұрған кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты.

2021 жылғы 8 ақпанда Ташкентте Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.

1

Бас хатшы мен Төраға Түркі Кеңесі аясындағы ағымдағы қызметті талқылап, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты.

Б.Әміреев Өзбекстанның Түркі Кеңесіне кіруі Түркі әлемінің бірлігін нығайтудағы аса маңызды қадам болғанын атап өтті.

Төраға Нарбаева Өзбекстанның Түркі Кеңесіне қатысуы Өзбек елінің және түркі елдерінің көпғасырлық ортақ тарихи тамыры, мәдениеті, өзіндік ерекшелігі мен тілінен туындайтын халықтардың түпкі мүдделеріне толық жауап беретінін айтты.

Б.Әміреев Өзбекстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс, іскерлік орта мен инвестициялық ахуалды жақсарту, Түркі елдерімен достық пен тату көршілікті нығайту саласындағы ауқымды реформаларға жоғары баға берді.

Түркі елдері арасындағы парламентаралық байланыстардың нығаюына сілтеме жасай отырып, Бас хатшы Әміреев Өзбекстан тарапының ТҮРКПА-ға кіру туралы шешімін толық қолдайтындығын білдіріп, қажетті процедуралардың тезірек аяқталуын тіледі.

Тараптар сондай-ақ ұйымның мақсаттарына қол жеткізудегі әйелдер мен жастардың рөлін күшейту жолдарын талқылады.

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков мырзамен бейресми жұмыс кешкі ас кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Бас хатшыт Б.Әміреевке ілтипат білдіріп, экономиканың түрлі секторларындағы, атап айтқанда, сауда, көлік, инвестициялар, энергетика және туризмдегі ынтымақтастықты дамыту арқылы Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды нығайтудағы Түркі Кеңесінің рөлін жоғары бағалады.

С.Умурзаков Өзбекстанға қолдау білдіріп, Түркі Кеңесінің тиімділігін арттыруға бағытталған уақтылы бастамаларға, сондай-ақ ұйымды институционалдық дамыту мен құрылымдық реформалауға өз үлесін қосуға әзір екенін жеткізді.

Бас хатшы ұйымға кірген сәттен бастап Өзбекстанның Түркі Кеңесінің қызметіне белсенді қатысуы ұйым аясындағы жан-жақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, Түркітілдес мемлекеттердің бірлескен әлеуетін айтарлықтай кеңейткенін атап өтті.

Бағдад Әміреев Сардор Умурзаковты соңғы іс-шаралар мен жобалар туралы, сондай-ақ жақында құрылған Түркі сауда-өнеркәсіп палатасын (ТСӨП) қоса алғанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың институционалдық негіздері туралы, Хатшылықтың бірлескен инвестициялық қорды құру бойынша қолға алған күш-жігері туралы, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) қолдауға және түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған Түркі даму банкін құру туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, тараптар Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды ескере отырып, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Басқосуда қажетті тауарлардың тасымалдауын жеңілдету үшін "жасыл дәліз" құрылу қажеттігі, сондай-ақ Транскаспий Халықаралық Көлік Дәлізінің (Орта дәліз) Шығыс-Батыс сауда қозғалысындағы логистикалық шығындарды төмендетудегі және тасымалдау жылдамдығын арттыруды күшейтудің маңыздылығы баса айтылды.

Б.Әміреев С.Умурзаковты Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Басқарушылар Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына сайлануымен, сондай-ақ Ислам даму банкі тобының Басқарушылар кеңесінің төрағасы болып сайлануымен құттықтап,С. Өмірзақовқа очы жаңа қызметтерде улкен табыс тілеп,Түркі Кеңесімен тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбековпен кездесіп сол күні Ташкенттегі Түркістан сарайында Ұлы түркі ақыны және ойшылы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлішер Науаидің туғанына 580 жыл толуына орай Өзбекстанның мәдениет министрлігі ұйымдастырған "Науаидің поэзия мен әуен түндеріне" қатысты.

Іс-шара барысында Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясы мен "Маком" Өзбек ұлттық өнер орталығы үздік музыкалық ансамбльдері мен ұжымдарының концерттік қойылымы ұйымдастырылды.

Бас хатшы Бағдад Әміреев мақам өнерін, әсіресе Бұхара "Шашмак", Хорезмдік "Алты жарым" мақамы, дутар мақамы, "Ферғано-Ташкент" мақамдарын шын қуанышпен тамашалағанын айтып олар ғасырлар бойғы өзбек ұлттық мақам өнерінің бірегей "алтын қорын" құрайтынын тілге тиек етті.

Бас хатшы Түркі Кеңесінің көрнекті түркі қайраткерлерінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін одан әрі паш етуге ат салысатынын айтты.