Технология • 13 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары құқық бұзушылық туралы өздерінің арыздары мен хабарламаларын қасқағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды

Облыс департаментінің бөлімшелерінде азаматтардың өтініштерін қабылауға арналған 40 жұмыс орны әзірленді. Аталған бағдарламаны орнату өте оңай. Android жүйесіндегі смартфондар үшін «Play Markет», ал IOS жүйесіндегі смартфондар үшін «App Store» қосымшасы арқылы жүктеледі.

Экранның жұмыс панелінде «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеліп, өзінің жеке басын қолжетімді тәсілдер (электрондық пошта, телефон нөмірі ) арқылы растайды.
Оператормен қосылу барысында автоматты түрде геолакция қосылады және өтініш берушінің деректері шығады, бұл уақытты барынша үнемдейді.

«Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейне түсірілімдерді жібере алады.

Сондай-ақ бейне, аудио қоңырау шалу мүмкіндігі бар. Аталған қосымшаны пайдалану халықтың қауіпсіздігін және сенімін арттырады. ШҚО полиция қызметкерлері өтініштер мен арыздарды онлайн режимде қабылдауға толықтай дайын.

Бастапқыда қанатқақты жоба ретінде іске қосылған уақытта 7 өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі жол жүру ережесінің сақталмауына байланысты.