Өнер • 13 Ақпан, 2021

Димаштың Youtube-тағы ресми арнасы «Алтын батырмаға» ие болды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Youtube-тағы ресми арнасы «Алтын батырмаға» ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаштың Youtube-тағы ресми арнасы «Алтын батырмаға» ие болды

Бұл жаңалықпен Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Бүгін біздің Youtube арнамызда көрермен саны 1 миллионнан асып, осы желінің «алтын батырмасын» алдық. Ең алдымен кішігірім өнеріме баға беріп, «осы баланың болашағы жарқын болсын» деп тілеуімді тілеп отырған бүкіл әлемдегі тыңдармандарымның әрқайсына ерекше алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бірге жұмыс істеп жүрген менеджерлеріме, шығармашылығыма атсалысып жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Әрине, сонымен қатар ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырыма, жерлестеріме рахмет», деп әнші алғысын білдірді.