Елорда • 14 Ақпан, 2021

Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

14 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған. Ол – Павлодар облысы. 13 ақпанға дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті.

«Сары» аймақта Ақмола облысымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.