Аймақтар • 14 Ақпан, 2021

Алматыда карантинді бұзғандарға 26 млн теңге айыппұл салынды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтармен 4 394 объект тексеріліп, 363 құқық бұзушылықты анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда карантинді бұзғандарға 26 млн теңге айыппұл салынды

Нәтижесінде 333 хаттама толтырылып, оның ішінде 77-сі заңды тұлғаларға, жалпы сомасы 26 541 285 теңге айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғандары үшін 256 хаттама толтырылып, 11 288 790 теңге сомасында айыппұл салынған.

Карантин режімін өрескел бұзушылар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 33 материал жіберілді, сот шешімімен 10 объектінің қызметі тоқтатылған.

Сонымен қатар, Алатау ауданында «Жақсылық» кафесінде (нысанның қызметі 1 айға тоқтатылды, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды), «Кәуап орталығы» кафесінде (161 АЕК айыппұл салынды), «Шамо» ЖШС бильярд клубында (объектінің қызметі карантиндік режим аяқталғанға дейін тоқтатылды) құқық бұзушылар анықталды.

Алмалы ауданында құқық бұзушылықтар «Финик» мейрамханасында, «Fizika» түнгі клубында, «Boohouse» кафесі, «Пират» кафесі және «Endorphin» кафесінде тіркелді.

Сондай-ақ, Әуезов ауданындағы «Рыба моей мечты» каракоке-бары және «Ejelgi Arman» лото-клубы карантин талабын орындамаған. Бостандық ауданында «Sunset» мейрамханасында, «Шмель» кафесі, «Queer» түнгі клубында карантиндік шаралар бұзылған. 

Ал Жетісу ауданында Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы (қызметі 3 айға тоқтатылды, айыппұл 5 АЕК).  Медеу ауданында «Виктория» бинго және компьютерлік клубы (қызметін 1 айға тоқтата тұру), «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» барының қызметін 1 айға тоқтата тұру қарастырылған. 

Наурызбай ауданында да карантин шаралар бұзылды: «Премьера» кафесі мен «Таужолы» кафесі қызметін 1 айға тоқтатып, 100 АЕК айыппұл салынды. Бұған қоск Түрксіб ауданында «Қазақстан Жастар Таэквон-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «БекАр» ойын клубы, «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешдерінде карантин ережелерін бұзу фактілері тіркелген.