Аймақтар • 14 Ақпан, 2021

Павлодарда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Павлодар облысында 130 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді

«Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 837 жағдай тіркелді. Сондай-ақ өткен тәулікте Қазақстанда 1024 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Павлодар облысында жазылып шыққандар саны – 201.

Айта кетейік, Павлодар облысында 10 ақпанда – 180, 11 ақпанда – 163, 12 ақпанда – 150 адамнан коронавирус арнықталған болатын. Еске салайық, осы уақытқа дейін Павлодар облысында 16230 адамнан КВИ анықталған. 15325 адам індеттен жазылып шықты.