Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент – Елбасының жаңа музейінде елімізге еңбек сіңірген қайраткер, белгілі суретші Камиль Муллашевтің шығармалар каталогының тұсаукесері және жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Өнерсүйер қауымға декоративтік мәнері айрықша «Сүйімбике», «Ғабдолла Тоқай», «Бозоқ аруы» сынды айтулы туындыларды тарту еткен суретшінің 30-ға тарта жұмысы көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат қылқалам шеберінің айшықты қолтаңбасы турасында айта келіп, қазақ бейнелеу өнері тарихындағы орнын ерекше атап өтті. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берген вице-министр Нұрқиса Дәуешов суретшінің ел мәдениетіне, соның ішінде көркемсурет өнеріне қалтқысыз қызмет еткені үшін алғысын білдірді.
Көрмеге Аустрия, Беларусь, Нидерланд, Германия, Ресей, Жапония, Үндістан, Чехия, Қырғызстан, Кувейт, Солтүстік Македония, Татарстан елшілері мен басқа да дипломатиялық корпустың өкілдері, галереялар, музейлер мен мәдени орталықтардың басшылары, көрнекті суретшілер, өнертанушылар және өнер қайраткерлері қатысты.
«Камиль Муллашев – ерекше көзқарасы бар адам, нағыз кескіндеме шебері. Ол суретті өте нәзік салады, сонымен бірге анық әрі шынайы. Барлық шығармаларында оның жан-дүниесі сезіліп тұрады. Менің ойымша, бұл шебердің картиналарын көргендердің бәрі автор шығармашылығынан ләззат алып, талантына тәнті болады», деп атап өтті Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андре Карстенс.
Кеш соңы автограф-сессиямен жалғасып, автор бүгінгі жастарға жанр, стиль тұрғысынан ұлттық өнердің ендігі беталысы жайында әңгімелеп берді. К.Муллашевтің каталогы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан. Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Әлихан Бөкейхановты еске алды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Бүгін, 17:26
Алматы облысында былтыр 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Ұқсас жаңалықтар