Қысқы спорт • 15 Ақпан, 2021

Жанбота АҚШ-та топ жарды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова АҚШ-тың Юта парк аймағында өткен фристайл-акробатикадан North American Cup жарысында топ жарды.

Жанбота АҚШ-та топ жарды

Халықаралық жарыстың финалында өнер көрсеткен отандасымыз 85.68 ұпай жинап, North American Cup турнирінің жеңімпазы атанды. Екінші орынды 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер иеленсе, қола жүлде канадалық Юстин Эллиге бұйырды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан сынға түскен спортшыларымыз Ақмарал Қалмұрзаева халықаралық турнирді 6-орынмен, Аяна Жолдас 7-орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тың Дир-Вэллиде қаласында өткен фристайл-могулдан FIS Open жарысында 2018 жылғы Қысқы Олимпия ойындарының жүлдегері Юлия Галышева да алтын жүлде еншілеген болатын.