Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Аркан» құрылғысы арқылы бұл автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы мен 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында 3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл салынған.
Сондай-ақ, жүргізуші көлікті сақтандыру құжатсыз тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, жиналған құжаттар сотқа жолданды.