Спорт • 15 Ақпан, 2021

Баскетболдан Азия кубогіне іріктеу турнирінің жарыс кестесі жарияланды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық баскетбол федерациясының Азиядағы аймақтық кеңсесі 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу турнирінің күнтізбесін бекітті деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Баскетболдан Азия кубогіне іріктеу турнирінің жарыс кестесі жарияланды

Бахрейннің Манама қаласында өтетін турнирдің жарыс кестесі төмендегідей: 

18 ақпан – 19:00. Шри-Ланка – Қазақстан

19 ақпан – 19:00. Палестина – Қазақстан

21 ақпан – 22:00. Иордания – Қазақстан 

22 ақпан – 14:00. Қазақстан – Шри-Ланка

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 21-24 ақпаны аралғында Қазақстан ұлттық командасы іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізді. Оның бірінде Палестинадан басым түссе, екіншісінде Иорданиядан жеңіліс тапты.