Қазақстан • 15 Ақпан, 2021

Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгертілді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидалары өзгертілді

***

 «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №866 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы№ 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында: 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 

«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 А. Мамин