Қазақстан • 16 Ақпан, 2021

Қай елдер гуманитарлық көмек жіберді?

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия қыспаққа алған 2020 жылы елімізге бір­қа­тар мемлекеттен гума­ни­­­тар­лық көмек кел­ге­ні бел­­гілі. Тіпті, келген зат­тар­­дың ­«СҚ Фар­ма­ция» қой­­ма­сында айлап жатып қа­лып, оның соңы қо­ғам­дық шу­ға ұласқанын да ел әлі ұмыта қойған жоқ. Қа­­­зақ­­­­с­танның өзі басқа ел­­­дер­­ге 3 млн доллар кө­ле­­мін­де гуманитарлық кө­мек жі­бер­ген.

Қай елдер гуманитарлық көмек жіберді?

Қазақ­станға былтыр жалпы көлемі 19 млн доллардың көмегі келген. Соның тең жартысы Қытайға тиесілі екен. ҚХР Қазақстанға 10 млн доллар көле­мінде кө­мек аттандырған. Негізі пан­демияға дейін, 2019 жылы Қытайдан бірде-бір гума­ни­тарлық көмек алмаппыз. Ал 2019 жылы бізге көмек көр­сету бойынша Германия көш бас­таған. Немістер көмек легін 2020 жылы да жалғастырып, 2,2 млн дол­ларға бағаланатын қажетті зат­тар жіберген. Де­ген­мен бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыс­тыр­ғанда 3,7 есе аз. Одан кейінгі орын­дарда Үндістан және Катар елдері тұр. Ал АҚШ-тың бізге жіберген көмегі 3,1 млн дол­ларға бағаланады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Былтыр ақшалай түрде алын­­ған гуманитарлық кө­мек­тің басым бөлігі машина және жаб­­дық­тауға тиесілі: 6,5 млн доллар (7,7 есе өсім). Сондай-ақ жалпы көлемнің 31 пайызын киім мен аяқ киім құраған: 5,9 млн доллар (9 есе өсім). Бұл орайда медикаменттерден тұ­ра­тын гу­ма­нитарлық көмек 2,3 есе қыс­қарып, 1,7 млн долларды құрапты.