Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Есікті ашу да өнер

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары өткен жылы тұрғын үйлер мен лифтінің есігін ашып, тұрғындарды құтқару үшін 235 мәрте жолға шығыпты. Ал биыл қаңтар-ақпан айларында 29 рет осындай қызмет көрсеткен.

Есікті ашу да өнер

Өмірде түрлі жағдай болады ғой. Ата-анасы жұмысқа кеткен кезде немесе басқа да жағдайда жас балалардың үй ішінде құлыпталып, көмекке мұқтаж болып жататын кезі көп кездеседі. Сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің лифтілері де кейде істен шығып, ішінде адам қалып қояды. Мұндай кезде әрине, ең бірінші қоңырау құтқару қызметіне түседі.

Мәселен, 2020 жылы Орал қаласында құтқарушылар жас баланың өміріне қауіп-қатер төнген кезде 55 есікті бұзып ашқан. Сырқаты бар адамдарға көмек көрсету мақсатында – 74, полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін – 76 мәрте қызмет көрсетіпті. Тұрмыстық газ апатының алдын алу үшін 24 есікті «төтеншеліктер» көмегімен ашуға тура келген. Тіпті өз-өзіне қол жұмсау әрекеті байқалған оқиғалар кезінде де 5 есік еркінен тыс ашылған. Ал лифтіде қамалып қалу оқиғасы 39 рет қайталаныпты.

- Биыл жыл басынан бері біздің әріптестеріміз құтқару дабылымен 29 мәрте жолға шықты. Оның 5 оқиғасында жас балаларды құтқарса, 8 рет сырқат адамдарға жәрдемдесті. 14 оқиға полиция қызметкерлерінің өтінішімен болды. Лифтіде қалып қойған адамдарды 2 рет құтқарды, - дейді Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Бәкизат Мағзенова.

 

Батыс Қазақстан