Қазақ мемлекеттік филармониясы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шара өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы адамдарды мақтан тұту керек. Олардың есімдері тарихта жоғалмауы керек, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек», - деген сөздеріне сүйене отырып, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы өнер саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтау мақсатында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бірқатар ауқымды іс-шаралар жобасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы біздің елде ғана емес, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерде кеңінен танымал. Халық поэзиясындағы жаңа өрлеу оның есімімен тығыз байланысты.
Қазақ мемлекеттік филармониясы осы игі бастама негізінде:
• Патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамытуды және жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеуді, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне баулуды;
• Алматыдағы мәдени-ағарту мекемелері мен ұжымдарының өзара арақатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыруды, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар істеуіне ықпал етуді;
• Қазақстандық жас өнер өкілдерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етуді, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беруді;
• Қоғамның Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыруды, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамытуды;
• Қазақстандық өнердің жас өкілдері мен еңбек сіңірген қайраткерлерінің қатысуымен, ұлы ақынның туындыларын музыкалық-поэтикалық және театрландырылған іс-шаралар форматында ұсынуды көздейді.
Аталған ауқымды жоба аясында:
• 22-ақпан күні сағат 19.00-де халықаралық конкурстардың лауреаты, әнші Біржан Бәзілжан мен ҚР мәдениет қайраткері, күйші Ержан Әлімбетовтың дәстүрлі өнер кеші өтеді.
• 5-18 сәуір аралығында Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының ұйытқысымен Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жасөспірімдер арасында онлайн-байқау жарияланады.
• 14-сәуір күні 19.00-де Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтеді.
• 28-мамыр күні 19.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерінің, мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарының және филармонияның белді солистерінің қатысуымен музыкалық және театрландырылған қойылым өтеді.
• Сонымен қатар, Филармония фойесінде «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» жыр алыбының шығармашылығына арналған жылжымалы көрмесін кеш қонақтарының назарына ұсынады.
Байқау туралы толық ақпарат Филармонияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады.
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 12:20
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 11:20
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Спорт • Бүгін, 09:30
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар