Қоғам • 16 Ақпан, 2021

Жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпанында пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғандығын хабарлады.

«Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын стансаға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті. 14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың есімін Әмина деп қойды»делінген хабарламада.

Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және сол баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті.

Еске сала кетсек, Көлік полицейлері пойызда кетіп бара жатқан жүкті әйелдің босануына көмектесті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15