Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Осы жылдың қаңтар айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 170,6 млрд теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, ет өндірісінің сойыс салмақтағы көлемі 5,3%-ға, сүт 3,8%-ға өсті. Бұл ретте, 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.
Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын 3 облыста байқалып, атап айтқанда, Ақмола облысында 114%-ды, Түркістан облысында 103,2%-ды, Қостанай облысында 102,7%-ды құрады. Министрдің айтуынша, көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 0,8%-ға өсіп, 142,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өсімдік майын өндіру көлемінің 26,7%-ға, қызылша қантының 25,1%-ға, сары майдың 16,3%-ға, жарманың 11,3%-ға, өңделген сүттің 3,2%-ға, өңделген күріштің 2,3%-ға, ірімшік және сүзбенің 0,8%-ға артқаны байқалды.
«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайып, 19,9 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 11,2%-ға артып, 3,5 млрд теңгені құрады», деді С. Омаров.
Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105%, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған жоспарлы индикаторлар ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
«Бұл үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау және басқа да қаржы құралдары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялау жалғасатын болады. Осы мақсаттарға биыл 300 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады», деді министр.
Сонымен қатар ірі 7 экожүйе құру жөніндегі тапсырмаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна болатын дәнді дақылдар, Ақмола облысында қуаты 200 мың тонна болатын майлы дақылдар, Ақтөбе облысында 20 мың тонна, Алматы облысында 15 мың тонна болатын ет өндіретін және өңдейтін экожүйелер құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Бұдан басқа, импортты алмастыру аясында осы жылдың өзінде 35 тауарлық сүт фермасын, 2100 га бақтарды, 3 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, балық өндіретін 4 объектіні іске қосу жоспарланып отыр, сондай-ақ 1 қант зауытының құрылысы басталады. Жалпы, республика бойынша 2021 жылы түрлі бағыттар бойынша 79 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.
«2021 жылғы егіс науқанына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Болжамды құрылымға сүйенсек, жалпы егіс алаңы 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарды құрайтын болады», деді С. Омаров.
Майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық және қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алаңдарын ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар бидай, күріш және мақта сияқты дара дақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылатын болады.
Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері 70 млрд теңге сомасында жеңілдетілген кредитпен, 379,8 мың тонна көлемінде арзандатылған жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілетін болады, ол нарықтық бағадан 11%-ға арзан болады. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен шамамен 350 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу жоспарлануда.
«Тыңайтқыштар қолдану көлемін 53 мың тоннаға ұлғайту және олардың қолданылуын ғылыми негізделген қажеттіліктің 25,5%-ына дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 11,8 млрд теңгені құрайды, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сапалы тұқымдардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы ерекше бақылауға алынатын болады», деді С. Омаров.
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 17:48
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Әлихан Бөкейхановты еске алды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Бүгін, 17:26
Алматы облысында былтыр 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
Ұқсас жаңалықтар