Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар айындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қаңтар айында 2,5%-ға артып, 170 млрд теңгеден асқан. Өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7%-ға, яғни, 158,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Биыл жылдың алғашқы айында сойылған мал еті өндірісі 5,3%-ға, сүт өндірісі 3,8%-ға өсті. Қаңтарда 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімі өндірілді. Жалпы өсім көлемі жылыжай шаруашылықтарына тиесілі.
Азық-түлік өндірісі қаңтар айында 0,8%-ға, яғни, 142,1 млрд теңгеге дейін өсті. Атап айтқанда, өсімдік майының өндірісі 26,7%-ға (33 тоннадан 42 мың тоннаға дейін), қызылша қанты 25,1%-ға (4,6-тоннадан 5,8 мың тоннаға дейін), сары май 16,3%-ға (1,4 мың тоннадан 1,6 мың тоннаға дейін), өңделген сүт 3,2%-ға (48,2 мың тоннадан 49,7 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбе 0,8%-ға (2 358-тоннадан 2 377 тоннаға дейін) ұлғайды.
Сондай-ақ ведомства басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы да хабарлады.
Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105%-ке, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107% деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр.
Жоспарлы индикативтерге ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен толықтыру және Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдаудың нәтижесінде қол жеткізіледі. Бұл үшін АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялау жұмыстары жалғасатын болады. Бұл мақсатқа шамамен 309 млрд теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, СҚО-да дәнді дақылдарды, Ақмола облысында майлы дақылдарды, Ақтөбе және Алматы облыстарында ет өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйелерді құруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылады.
Бұдан бөлек, импортты алмастыру мақсатында биыл 35 тауарлы сүт фермасын (жалпы қуаты 131 мың тонна сүт), 2 мың гектардан астам бақша (өндірістік қуаты жылына 73,5 мың тонна алма), 3 ет комбинатын (қуаты 45 мың тонна ет өнімдері), 5 құс фабрикасын (қуаты 42 мың тонна), балық өндіретін 4 нысанды (жалпы қуаты 8 мың тоннаға жуық балық) іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге, өндірістік қуаты 150 мың тонна болатын қант зауытының құрылысы басталады. Жалпы, 2021-жылы түрлі бағыттағы 79 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Жоспар бойынша биыл жалпы егіс алқабы қосымша 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарға дейін жететін болады. Майлы, азықтық, көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық пен қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алқаптарын ұлғайту жоспарланған. Ал, бидай, күріш және мақта сияқты монодақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылады.
«Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін фермерлер 70 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесімен, сондай-ақ 380 мың тоннаға жуық көлемде 11%-ға арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, фермерлерге көмек ретінде 350 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жоспарлануда. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 11,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл сапалы тұқымға қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу министрліктің ерекше бақылауында болады», деді министр.
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Ұқсас жаңалықтар