Түркістан облысында 2025 жылға дейін 111 медициналық нысан, 266 мектеп, 15 балабақша, 236 спорт, 27 мәдениет нысаны салынады. Бұл жобалардың жүзеге асырылуына Nur Otan партиясының фракциясы тікелей атсалысады. Бұл жөнінде Nur Otan партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция отырысында айтылды.

Жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы талқыланды. Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жол картасында аймақтағы ең өзекті мәселелер мен жоспарлар қамтылғанын атап өтті. Құжатқа 26 көрсеткіш пен 128 іс-шара енгізілген. «Бүгін сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың «Жол картасы»ұсынылып отыр. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұрған тапсырма. Сондықтан сайлауалды бағдарламаны сапалы әрі уақтылы атқару қажет. Жол картасын жүзеге асыру барысында 5 жылда облыста 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 152 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 350 мыңға жақындайды. Ауыл шаруашылығын қолдау күшейіп, 53 ферма, 900 мал бордақылау алаңы құрылады. Бес жылда 21 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. «Жол картасы» облыстағы ең өзекті мәселелерді шешеді. Партияластарға, жергілікті жауапты басшыларға осы тапсырмаларды жүйелі орындауды тапсырамын», деді Өмірзақ Шөкеев.
Ал облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Күмісбек Жаппаров «Жол картасындағы» негізгі индикаторлар мен жоспарларды баяндады. Елдің ұсыныс-тілектері ескерілген құжатта Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы, туризм, инвестиция тарту, аймақтарды өркендету, денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, құрылыс салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына басымдық берілген. Сонымен бірге Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру міндеті де көрініс тапқан. Партияның облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың баяндауынша, фракциядағы 37 депутатқа жол картасының салалары бойынша нақты міндеттер жүктелген. «Осы жоспар негізінде облыстың әрбір аудан, қаласын, елді мекендерін жан-жақты дамыту көзделіп отыр. «Жол картасының» әрбір тармағына жауапты депутаттар бекітілген», деді Бейсен Дәулетұлы.
Мәжіліске қатысқан фракция мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасын бірауыздан қолдап, облыстық Саяси кеңес бюросына бекітуге ұсынды.
Түркістан облысы
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар