Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Практикалық қызметте қатерлі топқа жататын созылмалы аурулардың дамуына бейім сотталғандарды дер кезінде анықтау ерекше маңызға ие, бұл олардың арасында ерте мерзімде емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады

Жазаны орындайтын мекемелердің міндеттерінің бірі денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген  адамдарға  медициналық көмек көрсету болып табылады.

Осылайша, сотталғандардың денсаулығын қорғау ГМ-172/10 мекемесі әкімшілігі қызметінің маңызды міндеттерінің бірі ретінде анықталады.

Ақтау қалалық №2 емханасы, кезекті рет, арнайы контингенттер арасында медициналық профилактикалық қарау жүргізуге көмек көрсетті. Ағымдағы жылдың 01 ақпаны мен 25 ақпаны аралығында сотталғандарға терапевт, хирург, невролог, окулист, отоларинголог, стоматолог, дерматовенеролог, психиатр, фтизиатр және гинеколог сияқты мамандардың тексерілу мүмкіндігі ұсынылды.

– Ағымдағы жылы 260 адам тексеріліп, №2 АҚЕ бас дәрігері емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а. Қ.К.Асанова ГМ-172/10 мекеменің медициналық бөлімінің жұмысы, медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігі туралы оң пікір білдірді, сондай-ақ екі жақ та игі істегі жемісті ынтымақтастыққа, өз кінәсін түсінген және түзету жолына түскен дені сау адамдардың біздің қоғамымызға оралуына сенім білдірді.

Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан Ақтау қалалық №2 емханасының дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – дейді ГМ-172/10 мекемесінің медициналық бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Марина Григорьевна Стеценко.