Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Маңғыстаудың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында меморандумға қол қойылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңіріндегі экологиялық мәселелерін шешу үшін үш қоғамдық құрылым күш біріктірді. Ақтауда Қаракөл көлінің проблемаларын шешуге арналған дөңгелек үстел барысында «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы, «Экожер» республикалық қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесі мен өңірлік "Табиғи орта" қауымдастық арасында үш жақты түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Маңғыстаудың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында меморандумға қол қойылды

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың айтуынша, үшжақты меморандум Маңғыстау облысының іскерлік ортасы мен әлеуметтік саладағы экологиялық аспектінің әлеуетін күшейтуге арналған.

«Экожер» республикалық қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев адамның экологиялық ойлау қабілеті бала кезден қалыптасуы тиіс деген пікірде. Ол табиғатқа деген құрмет сезімін мектеп жасынан бастап бастауға, білім ордасында жалғастыруға және студенттік жылдарды босқа өткізіп алмау маңызды деген ойын ашық жеткізді.

Өз кезегінде, «Табиғи орта» Батыс-Қазақстан аймақтық ҮЕҰ қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов, биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын атап өтті. Үстірттегі тау ешкілері (уриальды), ақбөкендердің, Каспий итбалықтарының, Сакар Сұңқарының, бекіре балықтарының және басқа да сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің Маңғыстау облысындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Меморандумға қол қою арқылы тараптар алдағы уақытта халықтың, сонымен қатар кәсіпкерлердің экологиялық мәдениетін жақсартуға күш салуды көздейді.

 

 

Маңғыстау облысы