Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Полиция цифрландыруды жедел енгізуде

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-ның ПД  ІТ  жетістіктерді жақсы пайдалануда. Соның ішінде қазір 481 қылмыстық іс электрондық форматта тергелуде. Бұл тергеушілер мен анықтаушыларға жеделдікке, ұтқырлыққа, ашықтыққа қол жеткізуге жағдай жасайды.

Полиция цифрландыруды жедел енгізуде

Оның тағы бір артықшылығы - бұрмалаушылықты жоюға, қылмыстық процеске қатысушылардың қашықтықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысу мүмкіндігіне қол жеткізу болып табылады.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуына қарағанда облыстың полиция бөліністерінде 138 тергеуші мен 43 анықтаушы еңбек етуде. Бүгінгі таңда қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу 80%-ды құрайды. Бұл цифрландыруға жасалған шешуші қадам болып табылады. Өткен жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш 51,3% құрады. Жыл басынан полицияның барлық аумақтық бөліністерімен 603 қылмыстық құқық бұзушылық Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның ішінде 481 іс бойынша электрондық түрі тағайындалды.

Бүгінгі таңда е-ҚІ модулінде жайлы және нәтижелі жұмыс істеу үшін тергеушілер мен анықтаушыларға 130 жұмыс орны құрылды. Жедел уәкілдер, ювеналдық полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары және қылмыс желісі бойынша жиі жұмыс істейтін өзге де бөліністердің жұмысы үшін 90 жұмыс орнын жабдықтау жоспарлануда. Бұл жаңалықтардың барлығы солтүстікқазақстандық полицияның жұмысына цифрландыруды кезең-кезеңімен енгізудің баспалдағы болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы