Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Музейдегі «Максим»

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіндегі елді елең еткізер жәдігердің бірі – атақты «Максим» маркалы пулемет. Оқты қарша борататын қарудың бұл түрі өткен ғасырдың басындағы қанды соғыстарда кеңінен қолданылған.

Музейдегі «Максим»

Ал енді, бұл екі дөңгелекті пулемет Балқашқа қалай тап болып жүр?

Аталған музейдің басшы­сы Азиза Се­йілханованың ай­туын­ша, «Максим» пулеметі өткен ға­сыр­дың 90-шы жылдары Бал­қаш­тағы түсті металдарды өндіру зауы­тының аумағынан табылып, оны зауыт жұмысшылары музейге әке­ліп тапсырған екен.

Тарихқа үңілер болсақ, Бал­­қаштағы түсті металдарды өндіру за­уыты 1941 жылы Ұлы Отан со­ғысы басталған кезде Мәскеу тү­біндегі Кольчугино қаласынан Бал­қаш жеріне эвакуацияланған еді. Яғни аталған түсті прокат зауы­тын кө­шіргенде, эшелон күзет­кен әскер­дің қолындағы қару-жа­рақтың ішінде осы «Максим» пулеметі де болған.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы