Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды

2422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды

«Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Кейінірек ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.