Бокс • 17 Ақпан, 2021

14 айдан кейін рингке оралмақ

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақта жұды­рықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) өзінің ке­зекті жекпе-жегін 20 ақпанда өткі­зеді. Бұл туралы америкалық Boxingscene.com басылымы хабарлады.

14 айдан кейін рингке оралмақ

Басылымның мәліметі бойынша қазақ боксшысының қарсыласы 33 жастағы ганалық «the Мiracle» (ғажайып, сиқыр) лақап атына ие Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болмақ. Жекпе-жек АҚШ-тың Майами қаласында өтеді деп жоспарланған. Осылайша, Қанат Ислам 14 ай үзілістен кейін үлкен рингке қайта оралады. Ең кейінгі кездесуін ол 2019 жылы Алматыда өткізіп, WBO International титулы үшін айқас­та намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді. Бұған дейін шетелдік басылымдар Қ.Исламның мексикалық Хайме Мун­гиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтасуы мүм­кін екенін хабарлаған еді.