15 ақпанда Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің оның тұрғын үйіне кіріп, шкафтағы ақшасын ұрлап әкеткені туралы арызданды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 мың теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған арызданушының қызы болып табылатын 19 жастағы бойжеткенді әшкереледі.
Қазіргі уақытта айыпталушы өз қылмысын мойындады және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін алғанын айтты.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.