Әлем • 17 Ақпан, 2021

Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдардың қатарында көш бастап тұр

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір айдан аса уақыт бойы әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орында болған SpaceX пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск екінші орынға түсіп, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдардың қатарында көш бастап тұр

Бұған Блумберг агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел.

Агенттік мәліметінше, Безостың байлығы – 191 миллиард, Масктың байлығы – 190 миллиард доллар. Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұстап тұрған бірінші орнын қайтарып алды.

Үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланған, ал тізімдегі төртінші адам – ​​Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард). Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы 104 миллиард долларға бағаланып, ол бесінші орынды місе тұтты.