26 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1215

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 12 қараша, Астана, Үкімет Үйі
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы №115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы №115 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №6, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желілері мен құралдарын пайдалану кезінде оларға келтірілген шығындарды өтеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1215 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы №115 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары
1. Осы Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төтенше жағдай кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілері мен құралдарын пайдалануға басым құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдар байланыс операторларының шығыстарын осы Қағидаларға сәйкес өтейді.
3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден тыс төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін байланыс операторлары мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негізінде өтеледі.
Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтері бойынша және олардың желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен нақты шығындарын растайтын ұсынылған құжаттар негізінде төленеді.
4. Төтенше жағдай аудандарының аймақтарынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше ахуалдардың, төтенше жағдайдың салдарын жоюға бөлінетін қаражаттан өтеледі.
Көрсеткен қызметтері үшін байланыс операторларына ақы төлеу қызметтер көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті бюджеттерде көздейтін бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
5. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталған және төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімдерде өтеледі.
6. Қажет болған жағдайларда шығыстарды өтеудің өзге де мерзімдері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ескертілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20