Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Алматы облысы құс еті мен жұмыртқа өндіру бойынша көш басында тұр

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы құс еті мен жұмыртқа өндіруде көшбасшылар қатарында.  Құс етін экспорттау соңғы үш жылда 2 есе өскен. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы құс еті мен жұмыртқа өндіру бойынша көш басында тұр

Өткен жылы іске қосылған Іле ауданындағы «НаурызАгро» жылына 32 млн дана инкубациялық жұмыртқа шығарса, Ұйғыр ауданындағы «OTAN GreenFood» құс фабрикасы жылына 30 мың тонна құс етін өндіреді. Етті бағыттағы «Прима құс» ЖШС қуаты 37 мың тонна болатын құс фабрикасының құрылысын басталады.

Амандық Баталов ет өңдеуге қатысты Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларға да тоқталды. Мәселен, «Бауманн» неміс компаниясы «Жетісу қой» жобасын жүзеге асыра бастайды. Бұл жылына 30 мың тонна ұсақ мал етін терең өңдейтін жоба болмақ.  

Америкалық «Тайсон Фудс» компаниясы ірі қара етін өңдейтін, қуаты жылына 500 мың бас мал етін өңдеуге қауқарлы ет өңдеу зауытын салады. Ол үшін Қапшағай қаласының маңынан жер учаскесі бөлінді.

- Біз бұл нысандарды тезірек салып бітіруі үшін инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек, - деді А. Баталов.