Кино • 17 Ақпан, 2021

Қазақстанда үнді комедиясы түсіріліп жатыр

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқы көріністері ЕО елдерінде  түсірілген үнді фильмі «Гаалипата-2» фильмінің соңғы көріністері  Қазақстанда аяқталады деп жоспарлануда, деп жазады Egemen.kz. The New Indian Express-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда үнді комедиясы түсіріліп жатыр

«Гаалипата 2» үнді романтикалық комедиялық фильмін жасаушылар тобы соңғы көріністерін Қазақстанда түсіруді бастады. Киноның кейбір көріністері үшін Үлкен Алматы және Көлсай  көлдерінің тұмса табиғаты таңдалып алыныпты. Бізге бұл туралы фильмнің продюсерлерінің бірі Майра Қарсақбаева хабарлады. 

Сценарист және режиссер Йогарадж Бхат журналистермен кездескен кезде «Гаалипата-2» фильмін түсіруді  2019 жылы жоспарлағанын, пандемия салдарынан кейінге шегерілгенін, бір  жыл бойы күтуге тура келгенін айтыпты. Қазір түсірілім тобы Көлсай көлінің айналысында кейбір көріністерді түсіріп жатыр.

Басты рөлдерді  Паван Кумар, Ганеш, Дигант, Шармила Мандре және Сонал Мантерио ойнайды.