Қазақстан • 17 Ақпан, 2021

Қазақстан елшісі Ресейдің Спорт министрімен кездесуге қатысты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Спорт министрі Олег Матыциннің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан елшісі Ресейдің Спорт министрімен кездесуге қатысты

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаев осы күзде ТМД елдерінің Қазандағы алғашқы ойындарын Достастықтың құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізудің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Ермек Көшербаев 2021 жылы Қазақстанда 40-тан астам спорттық іс-шара оның ішінде 20-дан астамы халықаралық деңгейде өткізу жоспарланғанын еске салып, мемлекеттерді оларға белсенді қатысуға шақырды.

О.Матыцин өз сөзінде ең басты нәтиже барлық тараптардың бетпе-бет кездесуі болғанын атап өтті және және спорттық бағдарламаларды әзірлеудегі ашық өзара әрекеттестігі үшін достас мемлекеттерге алғыс білдірді.

Жалпы, кездесуге қатысушылар былтырғы пандемиялық жағдайдан кейін, ағымдағы жылы белсенді спорттық өмір бұрынғы арнаға оралады деген үмітін білдірді. Олар өткен кездесуді ТМД кеңістігінде спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандырудың мүмкіндігі деп атады.

Кездесу шеңберінде университеттік және кәсіби спорт бағдарламаларын дамыту шеңберіндегі спорттық өзара әрекеттестікте екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жалғастыру мәселелері де қаралды.

Бастапқыда ТМД елдерінің ойындары 2020 жылдың 20-27 тамызында Қазанда өткізілуі тиіс еді, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты олар 2021 жылдың 4-11 қыркүйек аралығына ауыстырылды. Іс-шараның спорттық бағдарламасы 16 спорт түрінен тұрады. Спорттық жарыстарды өткізу үшін 12 спорт нысанын іске қосу және 200-ден астам медаль жиынтығын ойнау жоспарлануда.