Нысан парктің оңтүстік-шығысында, велотрек маңынан салынбақ. Жоба бойынша инженерлік құбырлары жоқ, 327 орынға лайықталған, жертөлесі бар алты қабатты ғимарат салу көзделген. 1 наурыз күні сағат 10:00-де осы жоба бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады. Шара Орталық паркте өтеді.
Құжаттамаға сүйенсек, 4,252 гектар болатын учаске аумағы жеке меншікке тиесілі. Оңтүстік тарапында құрылыс жоқ бос аумақ бар, шығысында Орманов көшесі жақта 50 метрдей жерде – тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Солтүстігінде Абай атындағы университет корпусы орналасса, батысындағы аумақ әзірге бос жатыр.
Жақын жердегі тұрғын үй шығыс тарапта жобаланған нысан шекарасынан 50 метр қашықта орналасқан. Жарбұлақ өзені шығыс жағында 300 метр қашықта, ал Кіші Алматы өзені 490 метр жерде, батыс тараптан ағып өтеді. Нысандағы құрылыс жұмыстары су қорғау аймақтарынан тыс жерлерде жүргізілмек. Құрылыс жобасымен Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының ресми сайтында танысуға болады.