«Зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жекелеген басқарушы компаниялар қазірдің өзінде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға арналған келісімшарт жасасу бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жұмысты бастап кетті. Олармен ақпан айының басынан бері ақпарат алмасу және зейнетақы жинағын берумен байланысты техникалықмәселелер пысықталуда. Келісімшарттар жасалып, БЖЗҚ сайтында басқарушы компаниялардың тізілімі жарияланғаннан кейін салымшылар басқарушы компанияны таңдап, жинақтарының бір бөлігін сол жаққа аудара алады. Біз келесі аптада салымшылар үшін бұл қызмет қолжетімді болады деп ойлаймыз», деді Еділ Медеу.
Агенттік мәліметінше, инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
Олар:
1) «First Heartland Jysan Invest» АҚ
2) «BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы»
3) «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың ЕҰ)
4) «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ
5) «First Heartland Capital» АҚ 6) «Сентрас Секьюритиз» АҚ Айта кетерлігі, салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне жылына бір реттен жиі емес бере алады. Ал зейнетақы жинағын Ұлттық банктің басқаруына екі жылдан кейін қайтара алады.