Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Павлодарлық полицейлер ұрланған сегіз көлікті тапты

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық жедел уәкілдер Қарағанды облысының Теміртау қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылы ұрланған  автокөлікті тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарлық полицейлер ұрланған сегіз көлікті тапты

– Полиция қызметкерлері аталған көлікті күдіктілердің біріне тиесілі гараждарды тінту жүргізу кезінде тәркіледі.  Бұған дейін павлодарлық жедел қызметкерлер қымбат автокөліктерді ұрлаумен  айналысқан қылмыстық топты ұстаған болатын.  Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық ұйымды құру және оған қатысу фактісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тргеп-тексеру жүргізуде, – деді брифингте Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Топ құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірді. Бүгінгі таңда түрлі маркалы 8 автокөлік табылды: «Toyota Аvensis» маркалы екі автокөлік, «Toyota Land Cruiser Prado120» маркалы төрт автокөлік, «Лада-Гранта» және «Газель».

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.