Елордалық Жастар театрының ақпан айында көрерменіне ұсынған тамаша тартуы – «Таптым... Ғашық болдым... Жоғалттым...» мюзиклі. Айтулы шығарма жазушы, драматург Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» әңгімесінің желісінде сахнаға жол тартты. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.
«Таптым... Ғашық болдым... Жоғалттым...» – махаббат пен өнердің мәңгілік жарастығының жемісі, сұлулық жайлы серенада. Құйрықты жұлдыздай келте қайырылған қысқа ғана ғұмырында өнердің – сөз өнерінің сыры мен сымбатын кемеліне келтіре жырлаған қаламгердің сахна әлеміне орнатқан өлмес ескерткіші, шығармашылық шарықтау шыңы.
Ыстықкөлге демалуға келген Суретші жағалаудан өзінің қиялындағы Сұлуын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: Сұлудың некелі жары бар екен. Бірақ сүйген жан үшін бұл да кедергі болмайды. Шынайы ғашықтық сезімнің жалынына шарпылған Суретші Сұлуын өмір бойы қиялында сақтайды. Мәңгілік махаббаттың белгісі ретінде өлмес туындысын өмірге әкеледі. Яғни автор өнердің шыңын махаббаттан, шынайы сезімнен іздейді. Режиссер де автордың айтпақ ойын дөп таныған.
Мәңгілік махаббат тақырыбын арқау еткен лирикалық спектакльдегі жүрек қылын шертетін әуезді музыка, ұтымды табылған режиссерлік шешім, актерлік шебер ойын көп көңілінде жатталды. Қойылымда басты рөлді, яғни Сұлу мен Суретші бейнесін Жастар театрының талантты актерлері – Назерке Серікболова мен Мейірғат Амангелдин тамаша түрлендіріпті. Мұнда басы артық сөз жоқ. Тек әсем қимыл мен әуезді музыка ғана бар. Сахнада сұлулық салтанат құрады.
Шымылдық ашылған сәттегі айнадай толқып жатқан көлдің мөлдір келбеті – ғашық жанның дірілшіл көңілінің көрінісіндей. Сүйген жүректің кіршіксіз пейілімен, тағатсыз сезімімен жараса да, жарыса да толассыз толқиды. Қойылымның тазалығы сондай, қыбыр етсең, осы бір мөлдір әлемнен ажырап қалатындай, сәл дауысыңды қатты шығарсаң, әсемдікпен маталып, сұлулыққа тұмшаланған мынау аппақ дүниенің күл-паршасы шығып шағылардай бір сағат бойы деміңізді ішіңізге тартып, аялай тамашалайсыз. Режиссер Нұрқанат Жақыпбай мен сценограф Қабыл Халықов тандемінің ең әуелгі ұтқан тұсы да осы. Көлдің толқыны мен сезім толқынын шебер шендестіре алуында. Сахнада желкенді кемеден өзге басы артық қарайған дүние жоқ. Суреткер бар басымдықты кеңістікке бергені бірден байқалады. Сол арқылы актерлердің ішкі тынысын ашып, қиял кеңістігіне еркін бойлатып, психологиялық паузаларға екпін түсіргісі келген және ол ұйғарымы бейнелі түрде өте сәтті шешілген біздіңше.
Жалпы, қойылымның эстетикалық, рухани қуаты мықты, күрделі психологиялық ситуацияларды ұтымды жеткізеді. Режиссердің өзіне ғана тән қолтаңбасы, лирикалық, романтикалық табиғаты алғашқы көріністен-ақ дараланады. Біз тамашалаған «Таптым... Ғашық болдым... Жоғалттым...» мюзиклінің өн бойында сұлулық бар, тазалық бар, сезім бар. Жүрек толқытатын, сезімді қозғайтын тұстары мол. Қойылымды бейтарап, бейқам отырып тамашалау мүмкін емес. Көңіл пернелеріне басып, өмірге қайта ғашық қылатын сәттері көп және ең бастысы, қойылым тұрмыстық емес. Қарабайыр суреттеу мен қарапайым шешімдер шымылдықтың артында қалған да, саф сұлу өнер алғашқы орынға шыққан. Автор да, режиссер де махаббаттың мәнін осыдан іздейді. Бір сағат бойы сезім сырын жыр еткен қойылымның мәні де, Сұлу мен Суретшінің арасындағы махаббаттың дәнекері де, бәлкім, осы ғана – өнерге, сұлулыққа деген іңкәрлік...
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін
Коронавирус • Кеше
ОПЕК-тің бас хатшысы көз жұмды
Әлем • Кеше
АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Елорда • Кеше
Алакөлдегі өртке қатысты тергеу амалдары басталды
Аймақтар • Кеше
Астана тұрғындарының саны 4 есе өсті
Елорда • Кеше
Бір тәулікте 360 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты артады
Экономика • Кеше
Елорданың 300-ден астам тұрғыны пәтерлі болды
Елорда • Кеше
6 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Театр • Кеше
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Футбол • Кеше
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Теннис • Кеше
Қоғам • Кеше
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Қоғам • Кеше
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар