Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Құжат айналымының виртуалды қызметі оңтайландырылды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Құжат айналымының виртуалды қызметі оңтайландырылды

 


Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған «KGD_kantselyariya» виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.

«KGD_ kantselyariya» виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады:

- өтініштің кіріс нөмірі мен күні;
- Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні;
- салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі).

Бұл ақпаратты алу үшін:
- аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын;
- өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет.

Аталған қызметті жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.