26 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1303

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 3 желтоқсан  Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін
бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 60-құжат):
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не
өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;»;
2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 815-құжат):
8-тармақтың. 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не
өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын
селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50