Қазақстан • 18 Ақпан, 2021

БЖЗҚ жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы ескертті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлады.

БЖЗҚ жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы ескертті

«Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеу керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады», делінген хабарламада.

БЖЗҚ мұндай жіберілімдерді жүзеге асырмайтынын және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеру керек екенін ескертеді.