Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

«Қос азаматтығы бар» деген күдікке ілінген шымкенттік шенеунікке қатысты ресми мәлімдеме жасалды

1203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыған дейін Шымкенттік шенеуніктің азаматтығына байланысты қоғамда қызу талқы жүріп, БАҚ беттерінде мәселе көтерілген еді. Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz

«Қос азаматтығы бар» деген күдікке ілінген шымкенттік шенеунікке қатысты ресми мәлімдеме жасалды

- Қоғамда, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы туралы мәселе көтеріліп, ұзақ уақыт талқыланды. Ол бойынша нақты ресми ақпарат дер кезінде берілмеуінің себебі құқықтық процестердің жүргізілуіне байланысты екенін білдіремін, деді ол. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №5 қорытындысы негізінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Почивалов Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны туралы хабарлаған.

Алайда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 9 ақпандағы №5211-21-00-2/213 ұйғарымымен Шымкент қаласының полиция департаментінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №5 қорытындысы мен хабарламасының күші тоқтатылған.

- Осы ретте «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi, - дейді Бекен Қоныс.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыратынын,  соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.  Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Баспасөз хатшысы осы аталған заңдылықтарды алға тартты.

- Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Почиваловты бүгінгі күні жұмыстан шығаруға Шымкент қаласының полиция департаментінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №5 қорытындысы мен хабарламасы негізінде мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз, деді Бекен Қоныс.