Тағайындау • 18 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы болып Досжан Уалханов тағайындалды. Досжан Нұрбайұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.

«Шығыс-СвинецСтрой» волейбол клубын басқарған ол 2015 жылы аймақ басшысының қолдауымен «Алтай» волейбол клубын құрды. Қазіргі лауазымына дейін сол клубтың директоры қызметін атқарған.

Осы уақытқа дейін ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасын қазақ жеңіл атлетикасының жарық жұлдызы Ольга Рыпакованың жұбайы Денис Рыпаков басқарған болатын.