Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Қостанай облысында боранға байланысты 16 бекет қойылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында бүгін таңертең басталып, түстен кейін күшейіп кеткен ақ түтек боранның салдарынан 26 бағыттағы автокөлік жолдары түгелдей жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында боранға байланысты 16 бекет қойылды

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өңірде көлік жолдарындағы қозғалысты шектейтін 16 бекет қойылған. 

«Қарлы боранның күшеюуіне байланысты автокөлік жолдарында төтеншге жағдай департаментінің 27 техникасы мен 44 құтқарушысы кезекшілк етеді. Облыстағы автокөлік жолдарының  қар басып, жолдың жабылып қалу қаупі бар тұстарына 27 жылыну пункті қойылған. Бұл орындарда жолда қалып қойған жолаушылардың жылынып, тынығуына жағдай жасалған», деп мәлімдеді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Мұның сыртында, ТЖД-ның 16 қуатты техникасы мен 39 құтқарушыдан құралған қосымша күші дайын тұр. Бұлар төтенше жағдай орын алған жерлерге жіберіледі.