Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Аты-жөнімізді латын әліпбиінде жазу ережелері әзірленеді

979 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта ел азаматтарының аты-жөндері латын әліпбиінде жазылатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аты-жөнімізді латын әліпбиінде жазу ережелері әзірленеді

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, «Абай институты» атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Одан бөлек қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі», деді ол.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазу ережелері әзірленбек.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады. Сондай-ақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық база құру көзделген», деді вице-министр.