Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда жол ережесін ескермегендер жазаланды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы бойынша 1 380 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда жол ережесін ескермегендер жазаланды

Рейд нәтижесінде мас күйде көлге отырған 22 жүргізуші ұсталды. Ал жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты арттыратындар да аз емес екен. 93 жүргізуші шекті жылдамдықты арттырғаны үшін айыпталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 228 көлік басқарушы жазаланған. Көлік тізгінінде телефон пайдаланған 163, маневр жасау ережесін бұзған 101 жүргізушіге хаттама толтырылды.

– Апаттық жағдай туғызғаны үшін 9 және көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған 37 жүргізушіге шара қолданылған. Сонымен қатар, техникалық байқаудан өтпеген 13 жағдай анықталды, – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.

Жазаға жүргізушілер ғана емес, ереже бұзған 264 жаяу жүргінші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.