Қаржы • 19 Ақпан, 2021

Tengri Bank АҚ-ны тарату комиссиясын құру туралы

185 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Tengri Bank АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы маман­дан­ды­рыл­ған ауданаралық экономикалық сотының шешімі 2021 жылдың 15 ақ­панында заңды күшіне енді. Дәл осы күні Қаржы нарығын реттеу және дамы­ту агенттігі банктің тарату комиссиясын құрды. Соған сәйкес банк іс­терін басқару бойынша өкілеттік қолданыстағы заңнама аясында осы ко­миссияға беріледі.

Tengri Bank АҚ-ны тарату комиссиясын құру туралы

 

Тарату комиссиясы он жұмыс күні барысында Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында банкті мәжбүрлеп тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жариялайды. Онда талап-арыздарды қабылдау тәртібі мен мерзімі және мекенжайлар міндетті түрде көрсетіледі.

ҚДКБҚ еске салады, Tengri Bank АҚ-тың салымшылары – жеке тұл­ға­лар мен дара кәсіпкерлер, кепілдік берілген шекті сомадан артық депозит қалдығын төлеу бойынша талаптары болған жағдайда, осы тарату комиссиясына жүгіне алады.   

Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – баспасөзде Tengri Bank АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бас­тап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. Өтініш еркін жазбаша түрде Tengri Bank АҚ тарату комиссиясы төрайымының атына (Огай Оксана Дмитриевна) жіберіледі.

Кредиторлардың талаптарында:

- Т.А.Ә., кредитордың ЖСН-ы;

- кредитордың пошталық дерек­темелері, байланыс телефондары;

- қойылған талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса тіркеу арқылы, негізгі борыштың мөлшері туралы мәліметтер, сыйақы­лар, тұрақсыздық айыптары және басқа да айыппұл санкциялары көрсетіледі.

Талап қою барысында кредитор жеке куәлігін ұсынады, ал оның мүдделерін басқа тұлғалар білдірген жағдайда – нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесі ұсынылады.

Кредиторлардың келіп түскен өтініштерін тарату комиссиясының қарайтын шекті мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап екі аптаны құрайды.

Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалалардағы Tengri Bank АҚ салымшылары Қазақстанның Ұлттық банкінің аумақтық филиалдары мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармаларына келіп, өтініштері мен тиісті құжаттарын ұсынып, тарату комиссиясына құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бастапқы ақыл-кеңесті ала алады.

Депозиттерінде кепілдік берілген шекті сомадан артық ақшалары бар және тарату комиссиясына өтініш берген салымшылардың (жеке тұлға­лардың) талаптары банктің активтері мен мүліктерін сатудан түскен ақша есебінен төртінші кезекпен өте­леді. Кредиторлардың талаптарын қанағат­тандыру мерзімдері тарату өндірісінде банктің активтері мен мүліктерінің жеткіліктілігіне және сапасына, сон­дай-ақ оларды сату нәтижесіне тікелей тәуелді.

Банктің қарыз алушыларының назарына: Tengri Bank АҚ-тағы тарату үдерісінің басталуы қарызгерлердің міндеттемелерін тоқтатпайды. «Tengri Bank» АҚ-тың барлық дебиторлық берешек түрлері, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыптары мен сыйақылар есептеу тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыз шартында көзделген, қарызды өтеу кес­тесіне сәйкес Tengri Bank АҚ тара­ту комиссиясы филиалдарының касса­лары немесе Tengri Bank АҚ-тың банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қарыздарын өтеулері тиіс.

Сонымен қатар ҚДКБҚ тағы да еске салады, кепілдік берілген өтемді әлі күнге дейін алмаған салымшылар, агент банк ретінде таңдап алынған Еура­зиялық банктің кез келген бөлім­ше­сіне барып, өтініш бере алады. Агент банк­тің барлық қалалардағы фи­лиал­дары мен бөлімшелерінің мекенжай­ла­ры және жұмыс кестесі www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді.

2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Tengri Bank АҚ салымшылары жалпы сомасы шамамен 16,8 млрд теңге өтем алды. Бұл қордың міндеттемелерінің жалпы сомасының 95 пайызын құрайды. Бұл ретте кепілді өтемді алуға бар болғаны 6,3 мың адам немесе барлық салымшылар санының 17 пайызы ғана өтініш берген.

Депозиттер бойынша кепілдік­тер және кепілдік берілген өтем­ді төлеу туралы жалпы ақпарат­тар қордың www.kdif.kz. сайтында қолжетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеумет­тік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ [email protected] электронды поштасы арқылы хабар­ласа алады.